Четверг, 12 декабря, 2024
No menu items!

Тегін сауда орындары ұсынылуда

Басқа ақпараттар

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Талдықорған қаласындағы «Жерұйық» базарында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімдерін саудалауға 26 орын тегін берілген.

Мұндағы әр сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеде Ақсу, Сарқан, Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының шаруалары, «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары өздері өсіріп, өндірген ет және сүт өнімдерін, жеміс пен көкөністерін тиімді бағамен саудалайды. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен өткен Баға мен тарифтерді тұрақтандыру жөніндегі жедел штабтың отырысында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов айтты.

Жалпы азық-түліктің, соның ішінде әлеуметтік маңызды саналатын 19 түрлі өнім бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында сауда орындарында азық-түлік өндірушілерге орынды тегін беру, сенбі сайын азық-түлік жәрмеңкесін өткізу сияқты шаралар атқарылуда.

Мәселен, жыл басынан бері Астана, Алматы, Талдықорған қалаларында және аудан орталықтарында жалпы саны 760 жәрмеңке өткізілген. Талдықорған қаласында жергілікті кәсіпорындар «Аққұс» ЖШС-ның,  «JLC Сүт» серіктестігінің, Үштөбе сүт зауытының өнімдерін делдалсыз тікелей  сататын арнайы орындар мен дүкендер белгіленген.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларына «Жетісу» ӘКК-нің тұрақтандыру қоры да үлкен септігін тигізіп отыр. 

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз