Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

«Шертпе күй» республикалық фестивалі Талдықорғанда өткізілмек

Басқа ақпараттар

Елордамыздың 20 жылдығының құрметіне орай «Шертпе күй» республикалық фестивалі ағымдағы жылдың 25-26 қазан күндері Талдықорған қаласында өткізілмек. Бұл туралы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.

Шара мақсаты шертпе күйдің дәстүрлі орындаушылық мәйе­гін сақтап, қалған ел арасындағы күйшілерді, халық арасында жан-жақты насихаттап, күйшілік өнер тарихын өскелең жастардың зердесіне дарыту, ғылыми танымын арттырып кеңінен насихаттау. Аталмыш фестивальге республиканың түкпір-түкпірінен 30 шақты күй өнерінің майталмандары өз өтініштерін білдірген.

Қазақтың күй  өнерінің екі үлкен арнасы бар ол төкпе күй және шертпе күй. Осы екі арнаның ішінде шертпе күйдің өз дәстүрін сақтап, жаңа заманда өзінше дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Олай айтуымның бір дәлелі облыс, республика деңгейінде әр түрлі атаулы байқаулар мен іс-шаралар өткізіліп жатады. Дегенмен, шертпе күйдің жалпы аймақтық мектептерін біріктіріп саралайтын осындай үлкен фестиваль республика деңгейінде Талдықорған қаласында алғаш рет өткізілгелі отыр, — деді күйші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, қазылар алқасының төрағасы Жаңғали Жүзбаев.

Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр. Шертпе күй деп ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда пәлсапашылдық — ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Шертпе күйлер кең байтақ Қазақстанның шығысы — Алтай, Тарбағатай, орталығы — Ұлытау, Шыңғыс тау өңірінен бастап Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейін қонысталған ел арасына көп тараған күйлермен  оның орындаушылық негізін салып, мектебін қалыптастырушылар – Байжігіт, Бейсембі, Тәттімбет Қазанғапұлы, Көжеке Назарұлы мен Сүгір Әліұлының күйлері орындалатын болады. Осы жайлы толығырақ домбырашы-күйші, зерттеуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Біләл Ысқақов кеңінен тоқталды.

«Осы байқаудың басты талаптарының бірі болып жас шектеулігі ол 18-45 жас  аралығы және күйші, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Төлеген Момбековтың күйін орындау болып отыр. Тағы бір басты талап ешбір күйдің сарынын бұзбай өз нақышында орындау. Байқау – екі  кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар 4 күй орындап, келесі кезеңде тек мықтылар жолдама алады. Екінші кезеңге өткен күйшілер бас жүлдеге 26-шы қазан  күні бақ сынасатын болады», — деді ол.

Айта кету керек, фестиваль жеңімпаздарына бас жүлде, І-ші, ІІ-ші, ІІІ-ші орын және «Төлеген Момбеков», «Нұрғиса Тілендиев», «Ақ қыз» атындағы  арнайы жүлделер табысталатын болады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img