Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Экраны үлкен смартфондар несімен қауіпті екенін білесіз бе?

Басқа ақпараттар

Үлкен экранды құрылғылар қазір сәннен қалды. Себебі экран көлемінің үлкен болуының тиімсіз тұстары көп, қазіргі кезде өндірушілер де экран көлемін үлкейтуді тоқтатқан деп жазады «Прайм» агенттігі.

Ресей экономика университеті информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеевтің айтуынша, экраны үлкен смартфонды қолданудың бірнеше тиімсіз тұсы бар.

«Біріншіден, телефонды қолыңызға ұстап, бас бармағыңызды экранға «тигізу» қиын әрі ыңғайсыз. Егер сіз мұндай гаджетті жиі қолдансаңыз, қолыңыздағы бұлшықеттерде проблемалар пайда болуы мүмкін», — деді маман.

Тағы бір тиімсіз жағы – қолайсыздық.

Үлкен экранды смартфонды алдыңғы қалтаға салу қиынға соғады, сондықтан оны артқы қалтаға салып жүру керек. Мұндай жағдайда құрылғыны жоғалту ықтималдығы жоғары болады.

Сондай-ақ түнде экраны үлкен телефонның жарығы алыстан көрінеді. Бұл қолайсыздықтан бөлек бөтен адамдардың назарын аударады. Олардың арасында ниеті жаман адамдар болуы мүмкін.

Сондықтан өндірушілер жаңа құрылғыларды әзірлегенде экран көлемін арттырмайды. Экранның ені – 6-8 сантиметр, ұзындығы 10-15 сантиметр тиімді болып саналады.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img