Суббота, 21 декабря, 2024
No menu items!

Алматыда террористік қауіптің деңгейі өзгерді

Басқа ақпараттар

Қазақстанда терроризмге қарсы операция режимі тоқтатылып, террористік қауіп деңгейі төмендеді, деп хабарлады Almaty.tv.

«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб 2022 жылдың 26 қаңтары сағат 00.00-ден бастап Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматыда терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіптіліктің шекті «қызыл» деңгейінің тоқтағаны туралы хабарлайды», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Осы уақыттан бастап бұл өңірлерде террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленеді.

Нұр-Сұлтандағы терористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі және Батыс Қазақстан облысындағы орташа «сары» деңгейі сақталады.

2022 жылдың 26 қаңтары сағат 00.00-ден бастап Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіптің бірқалыпты «сары» деңгейі тоқтатылады.

Қолданыстағы шектеулер бойынша жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу жалғасады.

Қару мен жарылғыш заттарды табу мақсатында құқық тәртібі органдарына көліктердің жүріп-тұруына бақылап, оларды тексеруге рұқсат етіледі.

Соңғы жарияланымдар

Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда дүниеге келген. 2013-2019...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз