Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақыға байқау жарияланды

296

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарлама қатысушылары: қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және ІТ мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және  магистратура мен интернатураның 1-курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары.

Гранттар саны: 20

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн–өтінімді толтыруы және келесі құжаттарды ұсынуы қажет.

Өтінімді қабылдау 2021 ж. 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.