Қытай неге допинг дауына ілінбейді: Илья Ильин бұл туралы не дейді?

127

Ауыр атлет, әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин Есен Елеукенге берген сұхбатында ауыр атлетика, Олимпиада ойындары жайлы халық көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, Қытайда Олимпиада ойындарында алтын медальды жеңу үшін барлық нәрсе бар: дайындық, ұйымдастыру, басқару, ақша, күш.

Есен Елеукеннің «Неге Қытай допинг дауына ілінбейді?» деген сұрағына былай деп жауап берді.

«Себебі Қытай – держава. Мәселен бұрын Кеңес одағы да держава болды. Олардың спортта бірінші болуымыз керек деген нақты мақсаты болды. Сол мақсаттарына жетті де. Қытай да сол саяси жағынан КСРО сияқты келе жатыр. Тек сәл заманауиландырылған, жақсартылған,  21 ғасырға сәйкестендірілген. Олар осы салада бірінші болуымыз керек дейді де, соған жету үшін бар күшін салады. Әрине, олар ең алдымен – 1 миллиард. Олар балаларды балабақшада жүрген кезінен іріктеп, спорт мектебіне алып кетеді. Және олар бір ғана спорт түрінен дайындалады. Және, әрине басқару… Олар атлеттердің спортпен ғана айналысуы үшін барлық жағдайды жасайды, спорттан басқаның бәрін олар үшін басшылық жасайды. Яғни оларда барлығы жүйелі түрде жолға қойылған. Сондықтан оларда ешқашан ешкім ұсталмайды. Қытай туралы ештеңе айтылмайды, бір жағынан оларда ақша бар. Олар «Жігіттер, міне сендерге ақша, біз сендерге ақшаны береміз, сендер бізге тиіспейсіңдер және біз жеңіске жетеміз», дей алады…», дейді спортшы.

Оның айтуынша, мақсат айқындалғаннан кейін оларда артық әңгіме болмайды. 5 медальды аламыз дей ма, олар алады. Оларда бұл табиғи процесс болып кеткен.

Сондай-ақ, ауыр атлетикадағы сыбайлас жемқорлық жайлы да айтып өтті.

«Мен егер жоқ десем, алдағаным болады.  Оны өздеріңіз де білесіздер», дейді Илья Ильин.