Суббота, 7 июня, 2025
No menu items!

Жұмақ мекен

Басқа ақпараттар

Мені өмір жолындағы шырғалаңға ұштаған

Саялы өлкем, кеңжайлауым кеңдігіңнен күшті алам.

Сенде өткен әр күн, әр түн бақытымның бастауы,

Алтын бесік – Үштаған.

 

Жазсам егер көңілдегі сағынышты ақтара

Сен туралы том – том кітап жазар едім мақтана.

…Сенің ауаң тап-таза емес, жұпар дей де алмаймын

Бірақ әлемдегі тәтті ауа.

 

Сендегі аспан көктерденде көгілдірек, тұңғиық,

Армандарға жетелейді тым биік.

…әнші болсам әнге қосып, ақын болсам егерде

Отырар ем саған ғана жырды үйіп.

 

Шалғайдағы шаңды ауыл болғаныңмен сен мейлі,

Талай шайыр топырағыңнан түлеткенсің елге игі.

Мен де атыңды Үшқоңырдай қалдырар ем тарихта

Әттең… Патша болғым келмейді.

 

Сенде жүрген адамзаттың қабағы да ашық тым,

Содан болар алыс кетсем кеңдік іздеп асықтым.

Ұғындырған туған жерге деген сезім не екенін

Мен далаңа ғашықпын.

Менің жұмақ мекенім.

Соңғы жарияланымдар

Республикалық «STUDENT LIFE» Жайдарман ойыны басталды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ ұйымдастыруымен НАРХОЗ Университетінде студент жастар арасында республикалық «STUDENT LIFE»...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз