Тик-ток қазақ тіліне аударылады

367
GQ.ru
GQ.ru

TikTok Global Business Solution компаниясының Шығыс Еуропадағы директоры Анастасия Панина Қазақстанда өкілдік ашу және қосымшаны қазақ тіліне аудару туралы айтты.

Astana Media Week аясында сөйлеген сөзінде TikTok Қазақстанның болашақ басшысы қазақстандық контент авторларының сервиске қосқан үлесін атап өтті.

– Қазақстандағы аудитория керемет креативті, біз оны көріп отырмыз. Мысалы, химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов өте танымал болды, өйткені ол химия туралы өте қызықты әңгімелей алады, оның сабақтары өте қызықты, – деді ол.

Ол Қазақстан үкіметіне елде TikTok-тың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет министрлігі аясындағы жобаларды атап өтті.

Панина сервистің мемлекеттік тілге аударылуы қазақстандықтар үшін қолжетімді контенттің әр алуан болуына ықпал ететінін түсіндірді.

InBusiness.kz