Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай «Странджа кубогы-2022» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Қызайбай финалда алжирлік Роумайса Боуалемді жеңді. Қазақстандық боксшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Ал ақтық сында жұдырықтасқан Дина Жоламан (54 келі) болгариялық Станимира Петровадан жеңіліп, күміс медаль алды.
Айта кетейік, Дариға Шәкімова, Надежда Рябец, Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова турнирдің қола жүлдегері атанды.