Түн батырлары!

2618

Қытымыр қыс жақындай бергенде, елорда ақ ұлпаға оранады. Халықтың қауіпсіздігін күзеткен мамандар, алғашқы күннен – ақ қар тазалау жұмыстарын үдетеді. Мәселен, Астана қаласы бойынша көлемі жағынан 2-ші орынды алатын Байқоңыр ауданында 16 мердігер мекеме артылған міндетті уақытылы орындайды. Жұмысты атқаруға 130 мамандандырылған техника тартылған. Оның сапын биыл су жаңа құрылғылар толтырды.
280 адам 2 ауысыммен 6 – 8 сағат аралығында жұмыс істейді. Олар бет қаратпас боран, желге қарамастан өз қызметтерін мүлтіксіз орындайды. Қиындықтан қаймықпай, ісін сүйіспеншілікпен атқарады. Айтуларынша, нәпақасын табумен қатар, Астананың тазалығына, тұрғындардың қауіпсіздігіне үлес қосуда.
Жұмысшылар, жолмен қатар көпқабатты үйлердің ауласы, Байқоңыр ауданына қарасты 19 саябақты да тазалайды. Күн – түн демей ауыр істі атқаратындардың еңбегі қашан да елеулі. Тұрғындар да жұмыстарын жоғары бағалайды.
Байқоңыр ауданында соңғы он күндік ішінде қардың 30 мың текше метрі қала сыртына шығарылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға 90 текше метр құм-тұз қоспасы себілді. Әкімдік қызметкерлері 107 пәтер иелері кооперативімен тығыз жұмыс істейді.