Среда, 12 февраля, 2025
No menu items!

Жастардың жұлдызын жағатын байқау

Басқа ақпараттар

Жастардың жұлдызын жағатын байқау

Астанада тұңғыш рет «Жаңа белес» байқауы өтті. Өнерлілер додасына бас қаланың 35 арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Жалынды жастар тыңғылықты дайындалып, үздік танылуға ынтықты. Шеберліктерін шыңдап, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.

Жеңіске жетіп, талантын танытуға мыңнан астам студент ниет білдірген. Олар ән, би, мәнерлеп оқу, сиқыр, кім ақылды аталымдары бойынша бақ сынауда. Үміткерлер сапында ауқымды байқау жеңімпаздары мен сахнаға алғаш рет шығатындары да бар.

Үміткерлердің шабытын шалқытуға жанкүйерлер ерекше ынтызарлық танытты. Жасампаздыққа ұмтылып, арнайы киім киіп, ұрандарын айтып, ерекшеленуге тырысты. Өйткені, байқау аясында үздік жанкүйерлер де анықталады.

Жастарға қолдау көрсетуге эстрада жұлдыздары келіп, әннен әуелетті. Айта кетейік, жарыс 6 күнге созылады. Жүзден жүйрік шыққандарға қаржылай сый табысталады.

Соңғы жарияланымдар

Хәкім Зиеш ат басын Катарға бұрады

31 жастағы ойыншы «Әл-Духаил» сапына ауысуға жақын. Катардағы бір жылда алатын жалақысы шамамен 7,5 млн еуроны құрайды екен. Сондай-ақ бонустары да...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз