Понедельник, 7 июля, 2025
No menu items!

Медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметінен кетті

Басқа ақпараттар

Болат Төкежанов медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы қордың экс-басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қиын-қыстау кезеңде қор алдында одан да қатал сын-қатерлер, одан да маңызды міндеттер тұр. Сапаға деген сұраныс жағдайға қарамастан өседі. Бірақ медициналық сақтандыру қорының іргетасы қаланды, әрі қарай жұмыс істеу ғана қалды.

Осы жұмысқа көмектескендерге алғыс айтамын. Бұл қатарда басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері, медицина қызметкерлері, денсаулық сақтау менеджерлері, сала сарапшылары және медициналық сақтандыру жүйесінің қызметкерлі бар. Олар ынтымақтастық қағидаттарын қолдайды әрі қор болашағына сенеді», — деп жазды ол.

Төкежанов қорды 2020 жылдың шілдесінен бастап басқарды.

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз