Қ. Тоқаев «Nur Otan» партиясындағы Б. Байбектің лауазымын жоюды тапсырды

374

«Nur Otan» партиясындағы партиясындағы бірінші орынбасар лауазымының орнына атқарушы хатшы лауазымын енгізу керек.

Бұл туралы Президент Қ. Тоқаев бүгін өткен партия съезінде мәлімдеді.

«Партияның ұйымдастыру құрылымын да қайта қарау қажет. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшының, сондай-ақ тиісті бағыттар бойынша басқа хатшылардың міндетін анықтау» – деді Президент.

Айта кетейік, Партия съезінде Елбасы Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қ. Тоқаев партия төрағасы болып тағайындалды. Ал партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын Бауыржан Байбек атқарып отыр.