Биыл көктемде Димаш Құдайберген бірнеше елде концерт береді.

Әнші концерттің қай елде, қандай аренада, қашан болатынын өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 2021 жылдың 31 желтоқсанында ол жағымды жаңалықтар болатынын хабарлаған.

Алдағы 2022 жыл жақсы жаңалықтар жылы болғай! Жақын күндері мен Сіздермен алдағы жеке концертім туралы жаңалықтармен бөлісемін. Назар сала жүріңіздер!

Димаш Құдайберген концерт беретін елдер тізімі:

25 наурыз. Дубай (Біріккен араб әмірліктері). Өтетін орны: Coca Cola Arena,

2 сәуір. Минск (Беларусь). Өтетін орны: Минск арена,

16 сәуір. Прага (Чехия). Өтетін орны: Типспорт арена,

9 сәуір. Дюссельдорф (Германия) Өтетін орны: ISS Dome.

Концертке билеттерді әншінің Instagram парақшасындағы сілтемелер арқылы сатып алуға болады.

Дереккөз: ElordaInfo