Утиль алымының жаңа мөлшері қандай болатынын индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі есептеп жатыр. Экология министрлігі мақұлдаған соң, құжат биылғы 1 мамырға дейін қабылданады, ал утиль алымы 50 %-ға азаяды.

«Жасыл Даму» АҚ хабарлағандай, қазір ескі көліктер қабылданып жатқан жоқ. Процесс жаңа әдістеме қабылданғаннан кейін қайта басталады. Бірақ ескі машина үшін берілетін ақша мөлшері мен сертификат құны өзгеруі мүмкін. Нақты сандар әлі айтылмады.

Компания өкілдері қазір утиль алымы бұрынғы режимде, қолданыстағы мөлшерлеме бойынша жиналып жатқанын айтты. «ӨКМ операторы» жұмысын тоқтатып, мемлекеттік мекеме іске кіріскеннен бері 9347 адам утилизациялық алым төлегені туралы сертификат алған.

Дереккөз: Kolesa.kz