Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті кім?

Басқа ақпараттар

Елордада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі жазды.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Барменқұловқа дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілердің саны – 26.

Дауыс беру қорытындысы:

Әділет Барменқұлов – 14 дауыс
Берік Қаниев – 11 дауыс
Давид Лория – 1 дауыс
Қайрат Оразбеков – 0 дауыс
Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс

Соңғы жарияланымдар

СЕНІМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ АКТИВІНЕ АЙНАЛУДА

Қазақстан астанасында мемлекеттік және корпоративтіккоммуникацияларды дамытуға арналған жыл сайынғы XIV PR Forum Astana кәсіби салааралық конференциясы өтті. Биылғы форумның...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз