Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрбол Жақсылық ауыл шаруашылығы саласында қолдануға ыңғайлы «Ұшатын фермер» аппаратын құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қондырғылар үлкен алқаптарды тынайтқыштармен құнарландыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде пилотсыз ұшу аппараттар технологиясы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда өндірістің көптеген салалары автоматтандырылған жүйеге көшуде. Біздің жобамыз егін саласында пислотсыз ұшу аппараттарын қолдануға бағыттылған. Бұл үлкен аумақтарды тынайтқыштармен байытуға мүмкіндік береді. «Ұшатын фермердің» өзге дрондардан айырмашылығы – ұшу уақытының ұзақтығы, әрі климаттық жағдайға төзімді болып келді», – дейді жас өнертапқыш.