ФУТБОЛ: Қазақстаннан басқа қауымдастық ауыстырған әлемде қанша ел бар?

584

1992 жылы Қазақстан футбол федерациясы FIFA ұйымына ресми түрде мүше болып, Еуропа немесе Азия қауымдастығын таңдауға тиіс болды. УЕФА және АФК қауымдастығын таңдау үшін, 13 адам дауыс беріп, 10:3 есебімен Азия қауымдастығында боламыз деген тарап жеңіске жетті.

УЕФА үшін дауыс бергендер: Сейілда Байшақов, Константин Муратиди, Владимир Толчинский.

АФК үшін дауыс бергендер: Заманбек Нұрқаділов, Михаил Гурман, Тимур Сегізбаев, Афанасий Ким, Рафаил Ибрагимов, Борис Каретников, Семён Песельник, Николай Писяуков, Григорий Экштут.

2001 жылы 12 желтоқсанда УЕФА-да жасырын дауыс беру нәтижесінде 9:4 есебімен Қазақстанды өз қауымдастығына қабылдауға қарсы емес туралы шешім шығып, 2002 жылы 25 сәуірде УЕФА-ға ресми мүше болды.

🇰🇿ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 2 ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Ұлттық құрамадағы әлемнің ең үздік сұрмергендері Әли Даеи (Иран) мен Криштиану Роналду (Португалия) Қазақстан құрамасына қарсы доп тепті.

Руслан Балтиев Криштиану Роналду мен Али Даеиге қарсы ойын өткізген .

1996 жыл. Азия кубогының чемпионаты.
🇰🇿Елімай-🇮🇷Персополис (Иран) 3:0
🇮🇷Персополис (Иран)-🇰🇿Елімай 5:0

1998 жыл. Азия ойындары
🇮🇷Иран-🇰🇿Қазақстан 2:0

2003 жыл. Жолдастық кездесу.
🇵🇹Португалия-🇰🇿Қазақстан 1: 0

2006 жыл. Еуропа чемпионатына іріктеу.
🇵🇹Португалия-🇰🇿Қазақстан 3: 0

2007 жыл. Еуропа чемпионатына іріктеу.
🇰🇿Қазақстан-🇵🇹Португалия 1:2

1999 ЖЫЛЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА 1 МӘРТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

🇦🇷Аргентина-🇰🇿Қазақстан 1:0
🇭🇷Хорватия-🇰🇿Қазақстан 5:1
🇬🇭Гана-🇰🇿Қазақстан 3:0

КЛУБТАР АРАСЫНДА «ЕРТІС» КЛУБЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ДЕЙІН ЖЕТТІ

2001 жылы «Ертіс» клубы Азияның чемпиондар лигасында ең жоғарғы жетістікке жетті.
1/2 финал.
🇯🇵Джубило Ивата – 🇰🇿Ертіс 1:0 (овертайм)

3-орын үшін талас.
🇮🇷Персополис (Иран) – 🇰🇿Ертіс 3:0

📍ӘЛЕМНІҢ ЕҢ БАЙ КЛУБТАРЫНЫҢ БІРІ «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДТІ» ЖЕҢУ

2019 жыл. 🇰🇿»Астана» – 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿»МЮ» 2:1

ӘЛЕМДЕГІ ҚАНША ЕЛ ҚАУЫМДАСТЫҚ АУЫСТЫРДЫ?

🇮🇱Израиль — 1954 жылы Азия қауымдастығына мүше болып, 1974 жылы Араб елдерінің қарсы шығуымен (17:13 дауыспен) шығарылды. 1994 жылы УЕФА-ға қосылды.

🇳🇿Жаңа Зеландия — 1964 жылы Азия қауымдастығында болып, 1966 жылы жаңадан құрылған Океания қауымдастығына мүше болды.

🇦🇺Аустралия — 1966 жылдан 2006 жылға дейін Океания қауымдастығында болып, кейіннен Азия қауымдастығына ауысты.