Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Ресей журналисі Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай адамдарды орысша айтқанда «козёл правокатор” деп атайды.

«Егер Кеосаян сондай ақылды адам болса, әскери шеру өткізу жайлы өзінің ұсынысын өзінің отандастары армяндарға айтсын. Арменияның үкіметіне айтсын. Арменияның астанасы Ереван қаласында дүниежүзіндегі нөмір бірінші фашист, нөмір бірінші нацист, Гитлердің қолшоқпары болған, қолбаласы болған Гарегин Нжде дегенге ескерткіш орнатты. Гарегин Нжде отанына опасыздық жасағаны үшін кеңес түрмесінде шіріп өлген адам. Сондықтан ол неонацистерді іздейтін болса, онда тарихи отанынан іздесін. Шеруді сол Ереванда өткізсін. Гарегин ескерткішінің түбінде шеру өткізіп, өзі соған қатыссын. Сондықтан мұндай адамдарды орыс тілінде «козёл-провокатор” дейді. Провокаторлық ұсынысын өз отандастарына айтсын», дейді сенатор.

Айта кетейік, кеше ҚР СІМ мұндай мәлімдемелер «тату көршілік қарым-қатынас атмосферасын улап, стратегиялық серіктестік қарсыластарына көмек болады» деп санайтынын айтқан болатын.

«Ол Қазақстанға кіруге рұқсат етілмеген тұлғалар тізіміне кіреді деп ойлаймын», – деді министрлік өкілі.