Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Ақтөбеде карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді

Басқа ақпараттар

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды. Қаулыда карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді.

Жаңа қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт шектеуі болмайды. Тек қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болуы тиіс.

«Жасыл» мәртебе болса салтанатты, еске алу, спорттық іс-шаралар, көрме, конференция, форум өткізу, спорт кешендерінің, сауықтыру және діни (жабық кеңістіктерде ұжымдық ғибадат қызметтерін өткізу) объектілердің, ойын-сауық объектілерінің (ойын клубтары, казино, түнгі клубтар және караоке), СОО, сауда желілерінің қызметі (сауда алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес және сауда алаңы 6000 ш.м.-ден асатын азық-түлік), бассейнге бара алады.

«Ал бейтарап «көк» мәртебесі болған жағдайда сауда алаңы 1000 ш.м. дейінгі сауда желілерінің (азық-түлік емес), сұлулық салондары, СПА-орталықтар, жабық базарлар, асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері, сауна, монша, қонақ үй, автовокзал мен автостанция, ХҚО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, банктердің қызметін еш кедергісіз қолданады», — деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ «көк» мәртебесі бар адамдар енді театр, кинотеатр, концерт залы, филармония, бильярд, боулинг, компьютерлік және лотерея клубтарға, балаларға арналған ойын-сауық орындарына бара алады.

ҚазАқпарат

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img