Әл фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық студенттік пәндік олимпиада өтуде

2055

Әл фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізіліп келеді, биылғы жылы оныншы рет өткізіліп жатқан олимпиада өте қызу жүріп жатыр, Қазақстанның түпкір түпкірінен менмін деген, жалынды жастар бақтарын сынап, өз оқу орындарының намысын қорғауда. Олимпиада көптеген мамандықтарды қамтыған, бірі инновациялық жобаларды ұсынса енді бірі әлеуметтік жағын қарастырған. осындай олимпиадалар еліміздегі студенттердің белсенділіктерін арттырып қана қоймай, жоғары оқу орындарының арасындағы байланысты да нығайтуда.
әсіресе олимпиаданың жақсы жақтары қазіргі таңда еліміздегі әлі даму үстіндегі жас мамандықтарды дамытуға үлесін қосуда, мысалы Қоғаммен байланыс мамандығын алатын болсақ студенттер белсене араласуда әр топ өздерінің жобаларын қорғап, әділқазылар алқасының көңілінен шығуда, тек қана жоба емес презентациялар, медиалар, бейнематериалдар да қарастырылған. осындай олимпиадалар еліміздегі жастарды, оқу орындарын дамытады, белсенділігін жоғарылатады деп сенеміз! Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!