Пятница, 27 декабря, 2024
No menu items!

Тиктоктан табыс табу тәсілдері

Басқа ақпараттар

Тик Ток – видео түсіруге арналған сервис. Оны көбіне көңіл көтеру мақсатында жастар қолданады. Әйтсе де Тик Токтан пайда тауып отырған жандар бар. Balbal.kz мотивациялық сайты Тик Ток әлеуметтік желісі және оны өз мақсатында пайдалану әдістері туралы материал дайындады.

Тик Ток деген не?

Тik ​​Tok – 15 секундтық қысқа бейнелер жасауға арналған қосымша. AppStore және Google play-дегі ең көп жүктелген бағдарламалардың қатарына кіреді. Тик Ток 2016 жылы пайда болды. Оны «ByteDance» қытайлық компанияның басшысы, 36 жастағы табысты кәсіпкер Чжан Иминг ойлап тапты. Ол оны Доуинь  деп атаған, кейін Тик Ток деп өзгертілді. Бүгінгі таңда оның байлығы 13 миллиард долларды құрайды TikTok өкілдері Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Лондон, Париж, Берлин, Дубай, Мумбай, Джакарта, Сеул және Токиода орналасқан. 2017 жылы TikTok Musical.ly қосымшасымен бірігіп, өз мүмкіндіктерін кеңейтті. Осы арқылы аудитория 1,2 миллиардқа дейін өсті.

Тик Токтың ерекшелігі

TikTok мобильді қосымшасы арқылы видеоның фондағы музыкасын тездетуге, баяулатуға және түрлі фильтрмен өңдеуге болады. Танымал әндерді синхрондап, қысқа бейнелер түсіре алады. Видеоны жүктеп, басқа әлеуметтік желілерде бөліседі.

«Реакция» режимімен басқа бейнелерді көргенде қандай әсер алғаныңызды көрсете аласыз. Ал «дуэт» режимі екі бейнені көлденең қосуға мүмкіндік береді. Кей бейнелерді «тек достар көре алатын» немесе «жеке» деп таңдауыңызға болады.

«Ұсынымдар» парағы – бейнелер ағымы. Пайдаланушылардың қызығушылықтары мен қалауларына сәйкес бейнелер ұсынылады. ТикТоктың ережесі бойынша ұсынымдарға тек 16 жастан бастап шыға алады. 16 жасқа дейінгі пайдаланушылар хэштег, трэндті қолданса да көрсетілмейді.

Тик Токтан пайда табу әдістері

Егер Тик Токта танымал болсаңыз, жарнама жасай аласыз. Басқалардың аккаунтын, өнімді, компанияны жарнамалауға ұсыныстар түседі.

Амбассадор болу

Белгілі бір бренд өкілі болсаңыз, қомақты қаржыға кенелесіз. Компания басшылары тек белсенді аудиториясы бар блогерлерге ақы төлеуге дайын.

Өнімін ұсыну

Егер қандай да бір бизнес не қызметпен айналыссаңыз, соны жарнамалауға аккаунт аша аласыз.

Тікелей эфирге төлем

Бұл мүмкіндік танымал пайдаланушыларға беріледі. Егер аудиторияңыз  1000-нан асса, тікелей эфирде ақша табуға мүмкіндік бар.

Айналдыру 

Егер бағдарламалау туралы жеткілікті білсеңіз, басқалардың лайк, оқырман, көрсетілім санын ақылы түрде көбейте аласыз.

Сценарий жазу

Егер өз өміріңіз туралы бейнетаспа түсіріп қана қоймай, өз дағдыларыңызды көрсете аласыз.  SMM, маман журналист, маркетологтар ақылы түрде сценарий жазуына болады.

Кәсіби бейне түсіру

Телефонға түсірген қолданушыға қарағанда фотограф жақсы фотосуреттер мен бейне жариялау арқылы ақша таба алады.

Тик Токтан аудитория жинау

Тик Токты оң мақсатта қолдану үшін өзіңізді таныту керек. Оның өз ерекшеліктері бар:

 Трендтерге көшу

Пайдаланушылар ұсынымдар бейнелерін белсенді түрде қарайды. Жаңадан шыққан трендтерді түсіргеніңізді Тик Ток жоғары бағалайды. Ұсынымдарға шыға аласыз.

Брендті маскалар, жеке музыкалар

Инстаграм сияқты өзіңіздің маскаларыңызды жасауға болады немесе музыкаңызды жүктей аласыз.  Оны басқалар өз бейнесінде қолданады. Басқалар неғұрлым көп қолданса, сіздің танымалдылығыңызға соғұрлым әсер етеді.

Ресми жарнама

Инстаграм сторизіне ұқсас жақында пайда болған көрініс. Бейнелер мен фотосуреттердің бірнеше форматтары әр жерде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, пайдаланушының лентасында, т.б. Ол 15 секундқа дейін созылады, сілтемелерді, хэштегтерді кірістіре аласыз.

Хэштег челлендждер

Тик Токтың нақты механикасы – брендті челлендждер. Компания/адам бейнелерге арналған идеяны ұсынады, арнайы хэштегті іске қосады. Сіз осыларға қатысуыңызға немесе өзіңіз жасауыңызға болады.

Сайыстар

Хэштегтерді пайдаланып, ең үздік шыққан бейнелерді сыйлықтармен марапаттау мүмкін. Мысалы #ОтдохниСТикТок челленджінде үздік бейненің авторы жолдама ұтып алды. Өз челленджіңізді сыйлықтармен жалғастырыңыз.

Боттар, массфоловинг

Негізі онша сәтті әдіс емес. Бірақ Тик Токта оны әшкерелейтін мүмкіндік әлі тумады.

Тик Ток аккаунтыңызды дамытуға көмектесетін қосымшалар: TikTop-free, VkTarget, UNU қосымшасы;

 

Соңғы жарияланымдар

Черчесов қызметінен кетеді

Футболдан Қазақстан 🇰🇿 ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз