Криптовалюта дегеніміз не?

6303

Криптовалюта немесе Биткоин криптографиялық технологияға негізделген цифрлық ақшаның түрі болып табылады. Яғни деректерді шифрлау. Ол ақшаның сыртқы келбеті жоқ. Тек электрондық түрде бар. Оның басты ерекшеліктері — анонимдік, орталықтандыру (децентрализация) және қауіпсіздік.

Жүйедегі криптовалюта айналымы тікелей (P2P) екі адам арқылы жүреді.( үшінші тараптың қатысуынсыз өтеді). Криптовалюта арқылы айналым жүргізетін адамдар әрқашан тең болады. Бұл дегеніміз адамның статусына, жұмысына, финансына қарамай криптовалюта арқылы операциялар жүргізе береді.  Бұл виртуалды ақшалар  негізі — орталықсыздандырылған блокчейн технологиясымен жұмыс істейді.

Көптеген криптовалюталардың эмиссиялық төбесі бар. (жаңа монеталардың айналымға шығарылуы). Мәселен, Bitcoin-да ол 21 миллионға тең «монеталар» ғана шығарылды. (одан көп шығаруға болмайды). Және мұндай PPC және NVC валютасында шығарындыларға шектеулер жоқ.

Биткоин танымал криптовалюта түрі

Bitcoin (BTC қысқартылған) — виртуалды «ақша» (bitcoins) айналымға түсетін электрондық төлем жүйесі.  Visa және Mastercard сияқты электрондық төлем жүйесі. Бірақ Visa мен MasterCard-та әйгілі валюта — доллар, еуро, гривня, рубльді қолданады. Және онда барлық операциялар банкті өңдеу арқылы өтеді. Мұндай валюталар «фиатты» деп аталады. Биткоин  криптовалютасы — кез-келген әлемдік банкке немесе кез келген елдің экономикасына байланысы жоқ таза цифрлық валютаны қолданады. Сұраныс аясында қалыптасатын өз құндылығы (ставкасы) бар.

Биткоин артықшылықтары:

Бүкіл жүйе орталықсыздандырылған. Бұл дегеніміз, Bitcoin банк, агенттік немесе мемлекеттік органмен реттелмейді.  Мысалы, Visa және Mastercard-та Gold, Platinum, Vip карталары бар. Webmoney немесе QIWI сияқты жүйелерде пайдаланушы деңгейлері бар. Транзакция көлеміне шектеулер бар. Ал биткоинда  ешқандай карталар немесе шектеулер жоқ.

Псевдо-анонимдік. Биткоинге жіберілген кезде қолданушылар өздерінің жеке басын көрсетпейді. Транзакциялар үшін алушы және жіберушінің басқа деректерін ашпай  цифрлық адрестер(27-34 таңбадан тұратын хэш) пайдаланылады.

Қайтымсыздық. Bitcoin-дағы барлық операциялар қайтарылмайды. Оларды болдырмауға, тоқтатуға немесе бұғаттауға болмайды. Теориялық тұрғыдан алғанда, операцияны қайтарып алуға болады. Бірақ оны  іске асыру өте қиын.

Қауіпсіздік. Биткоин әмиянын(кошелек) бұзу мүмкін емес. Барлық деректер тек қана арнайы файлда сақталады. Және оған тек қолданушы ғана кіре алады. Банк жүйесіндегідей, транзакция деректерін орындау кезінде хакерлер ақшаны  «ұстап алу» мүмкін емес. Bitcoin криптографиялық жазбаларды пайдаланады. Ол дегеніміз құпиялылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шифрланған деректер.

Операциялардың тікелей сипаты. Аударымдар тікелей P2P (peer to peer) екі адам арқылы арасында жасалады. Транзакция үшінші тараптың қатысуынсыз өтеді. Сондықтан, Bitcoin операциясын оның пайдаланушылардан басқа ешкім қадағалай алмайды.

Биткоин тарихы

Криптовалюттарды жасау тарихы айқын хронологияға ие емес. Онжылдықтар бойы криптография саласындағы математиктер жаңа жүйені құруға тырысты. 2008 жылы Сатоши Накамото мен Хэл Финни әлемдегі алғашқы криптовалюта — Биткоинды құрды. Сатоши Накамото басты атаққа ие болды. Ол Bitcoin хаттамасымен (протокол) файлды жариялады.Сонымен қоса жаңа төлем жүйесінің ерекшеліктерін қысқаша сипаттады. Сатоши Накамото құрметіне әлемдегі  ең аз монета бөлшегі берілді. (0, 000 000 01BTC). Ең қызығы Сатоши Накамото туралы ешқандай ақпарат жоқ. Оның кім екендігін әлі ешкім білмейді. Бар ақпарат ол адам Биткоин құратын кезде Жапония елінде тұрған және 37 жаста болған.

Bitcoin — бұл төлем жүйесі. Тиісінше, ол сатып алу үшін қолданылады. Криптовалюттың алғашқы жылдары барлық транзакциялар бейресми түрде өткізілді. Сатып алушылар мен сатушылар чат (mIRC, Miranda), әлеуметтік желілерде, форумдарда сөйлесті. Форумда биткоинге арналған ең танымал тауарлар сатып алынды.  2010 жылы 18 мамырдағы laszlo лақап пайдаланушысы BitcoinTalk форумында «Пицца биткоин» атты тақырыпты ашады. Онда ол 10 000 Биткоин арқылы  екі пицца тапсырыс бере алатындығын сұрайды. Сол кезде 10 000 Bitcoin  30 долларға тең болды. Белгілі ағылшын пайдаланушысы бұл ұсынысқа келісті.Laszlo пиццаға тапсырыс берді. Осылайша, Биткоин арқылы бірінші және ең танымал сатып алу жүргізілді.

Қолдануы

Битокин және оны қалай алуға болады. Енді осы криптовалюталардың қолдануы туралы және  құралдарымен танысуға болады. Кез келген әмиянның иесі мәміле жасауға мүмкіндік беретін жеке кілт алады. Сіз оны тікелей пайдаланбайсыз, бірақ оларға кіру үшін құпия сөздерді енгізесіз. Bitcoin пайдалануды бастау үшін, әмиянды нұсқауларға сәйкес орнату және толтыру жеткілікті.

Биткоин туралы бәрін білу мүмкін емес. Осы мақалада тек бастапқы негізгі ақпараттар айтылды. Қазіргі кезде криптовалюталар өте күрделі кезеңнен өтуде. Себебі әр түрлі жағдайларға байналысты криптовалюта бағасы өзгеруде. Жаңалықтар арқылы криптовалюталардың жағдайын біліп, керек деген жағдайда сатып алуыңызға болады.