Воскресенье, 13 октября, 2024
No menu items!

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаға маңыз берілді

Басқа ақпараттар

«Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы» — азаматтарды біріктірудің маңызды факторы» атты «дөңгелек үстел» отырысы Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өтті. Оған облыс әкімі А. Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары бірлестігінің төрағасы Владимир Божко қатысты.

Ұлт көшбасшысының бағдарламалық мақаласының негізгі аспектілерін жергілікті деңгейде ұлтаралық қатынастар саясатын жүзеге асыру арқылы орындау  шараның басты тақырыбы болды. Сонымен қатар биылғы жылы құрылғанына 25 жыл толып отырған облыстық орыс орталығының ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға қосып отырған үлесі де атап өтілді.

— Бағдарламалық мақаладағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыста арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына 60 адам кіреді. Олардың қатарында қоғам және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Комиссия жұмысы алты бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бұл жұмыс біздің рухани құндылықтарымызды, бай тарихымызды танытып, насихаттауы тиіс. Әрбір бағыт бойынша тиісті жауапты тұлғалар бекітілген. Бір ғана Ассамблеяның өзі 200-ден астам шара өткізді, — деді Амандық Баталов. Сондай-ақ өңір басшысы облыстағы этномәдени орталықтардың жұмысына ерекше тоқталды.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко:

— Тәуелсіздік алған жылдардан бері этномәдени бірлестіктердің баршасы бірігіп Президентіміз үнемі айтатын бейбітшілік, келісім, достық деген ең басты байлығымызды еселеуге өз үлестерін қосып келеді. Татулықсыз бүгінгідей биіктерді бағындыра алмас едік. Барлық жетістіктеріміздің бастауында бейбітшілік пен келісім тұрғанын білеміз. Қазір еліміздің барлық аймақтарында көптеген этномәдени орталықтар өз мерейтойларын атап өтуде. Бұл бізде этностар мәдениетінің дамып жатқанын көрсетеді, — деді өз сөзінде.

Рухани жаңғыру мәселесіне қатысты өзге де қатысушылар пікір қосып, ой өрбітті. Олардың қатарында «Орыс, славян және казак ұйымдарының бірлестігі» төрағасының орынбасары, әскери-патриоттық «Жас жауынгер» клубының жетекшісі, Владимир Шацков, Қазақстан Республикасындағы Ресынтымақтастық өкілі, Алматы қаласынан Ирина Переверзева және басқалары бар. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көпшілікті осы шарадан кейін өтетін Славян мәдениеті мен жазуының фестиваліне шақырды.

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен Славян мәдениеті мен жазуы фестиваліне арналған «Жетісу шұғыласы» атты мерекелік Гала-концерттің ашылуында сөз алған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы мерекелік шараға жиналған көпшілікті құттықтап, еліміздегі татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің ұйытқысына айналып отырған ұжымдардың басшыларына Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, орыс тілінің өркендеуіне үлес қосып, орыс мәдениетінің кеңінен танылуына ықпал етіп жүрген жандарға «Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын ұйым төрағасы Владимир Божко өз қолымен берді.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img