Ninety One тобы продюсері Ерболат Беделханнан кетуі мүмкін.

Осы мәселеге қатысты продюсер пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты нақты ақпарат жоқ, сұрақ әлі талқылану кезеңінде.

Біздің келісімшарт жақында аяқталады. Біз жұмысты әрі қарай бірге жалғастырамыз ба деген сұрақ әлі талқылануда. Бұл иә да, жоқ та. Әзірге нақты айта алмаймын, біз келіссөздер сатысында тұрмыз. Әзірге нақты ақпарат жоқ,

– деп түсіндірді Беделхан өзінің Экспресс К журналистіне берген жауабында.

Көріп отырғандарыңыздай, продюсердің өзі ұжымның болашағы қалай болатынын әлі білмейді. Мүмкін, әртістер Ерболат Беделханмен жұмысын жалғастыратын шығар, мүмкін, әркім өз жолымен кетеді.