«Бақылау нашар жүргізілген»: Үкімет басшысы әкімдерді сынға алды

Басқа ақпараттар

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың басынан бері берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және жастарды жұмыспен қамту мәселелері қаралды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының ең көп өсімі елордада – 1,5%-ға, Ақмола облысында – 1,4%-ға, Ақтөбе облысында – 1,1%-ға және Жамбыл облысында – 1%-ға тіркелді. Үкімет басшысы аталған өңірлер әкімдіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің халықты қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын сынға алды.

«Әкімдер мен Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларының минималды көлемін қалыптастырған жоқ, “айналым схемасы” бойынша жеткілікті қаражат бөлінбеген, сауда үстемелеріне бақылау нашар жүргізілген. Іс жүзінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу жұмысы бірізді атқарылып жатқан жоқ. Сіздердің міндеттеріңіз – халыққа бірінші кезекте қажетті тауарларды қолжетімді бағада қамтамасыз ету», — деп атап өтті Ә. Смайылов.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз