Пятница, 13 декабря, 2024
No menu items!

Шығысқа сапар. Қатонқарағайға бет алу

Басқа ақпараттар

Бұл күнгі тірлік таңғы алтыдан басталды. Сағат жетіде Өскеменнен шығып, кешкі жетіге шейін жол жүріп, Қатонқарағайға жетіп жығылдық. Жол бойы әсем табиғаттың көркіне тамсанудан жағымыз жиылмады. Ерке Ертістің үстінде пароммен жүру, суға түсу жолды керемет көңіл-күйде жүруге мүмкіндік берді.

Бұндай жерде қалай фотоға түспей тұра аласың))




Келесі жағаға жеткен соң, біраз Ертістің суын қызықтап тұрдық та, әрі қарай кете бардық.



Жолшыбай табиғаттың көркіне әбден қандық. Әсіресе жайқала өскен күнбағыс алқаптары көздің жауын алады. Біраз сельфилеттік енді)




Қатонқарағай паркінде ең бірінші ат басын, дәлірек айтқанда машина тұмсығын «Тұқым бағына» тіредік. Бұл жер орманшылардың «офистері» болғанмен, негізінен ағаш тұқымдарын өсірумен айналысады екен. Осы жерден тамыр тартқан талдарды тұмса табиғатқа апарып, жерсіндіреді.





«Сібір шыршасы» бірнеше га аумақты алып жатыр екен. 2009, 2015, 2017 жылы отырғызылған шыршалар алды кісі кеудесіне дейін жетіп, арты көктеп жатыр екен. Осы жерде үш жыл өсіріп, содан соң тиісті жерлерге — табиғатқа, өзге өңірлерге (Астана, Өскемен қалаларына) аттандырады. Егер сіздің үйіңізде табиғи шырша болса, қай жерден алынғанын білетін болдыңыз, құрметті астаналық!)

Содан соң ШҚО-ның мақтанышы — Марал пантасымен емдеу орталықтарына соқпайды кету мүмкін бе?
«Баян» атты орталыққа келіп, бүкіл емдеу процесімен танысып шықтық. Бұл жерде маралдың мүйізін арнайы технология көмегімен қайнатып, өз тілдерімен айтқанда «сорпа» жасайды. Емделушілер осы сорпаға түседі. Күн сайын үш этаптан тұратын процесс жүргізіліп, бес немесе жеті күнге созылады. Профилактика үшін келсеңіз — 5 күнге, арнайы диагнозбен келсеңіз -7 күн ем қабылдайсыз.

Алтай. jas.kz

Алтай. jas.kz
«Баян сұлу» емдеу-сауықтыру орталығының сыртқы көрінісі

Алтай. jas.kz
Орталық дәрігер бізге өздерінің емдеу әдістері мен өздерінің дәрілік өнімдерін таныстыруда

Алтай. jas.kz

Алтай. jas.kz

Алтай. jas.kz
Блогерлерге орталықтың жекеменшік маралдарын көрсетуде

Алтай. jas.kz

Мәлімет үшін айта кетейік, бұнда бір күндік ем 24 000 теңге. Бұның ішіне орталыққа келген соң, ішіп жем, емделу, жатын орын — бәрі кіреді.

Алтай. jas.kz
Орталықтың админстраторы мен бас дәрігерін ортаға алып бір рәсім жасадық.

Бұл орталықтан кейін тағы бір «Нұрбұлақ» пантамен емдейтін жерге бардық. Бірақ ол орталықтан гөрі санаторий дегенге келеді екен. Алайда администраторы болмағандықтан көп мәлімет ала алмай, қайтуға мәжбүр болдық.

Алтай. jas.kz Алтай. jas.kz Алтай. jas.kz

Сөйтіп жүргенде сағат жетіге таяп, қоналқыға жеттік. Ертең  тағы да қарбалас күндер күтіп тұр еді. Осы өңірден шыққан қазақтың марқасқа ұлдарының ауылына бару ойда бар. Оны келесі жазбалардан көретін боласыздар.

Соңғы жарияланымдар

Қайрат Сәтжанов: Екі салмақ бойынша финалдың нәтижесімен келіспейміз❌

Бокстан Қазақстан 🇰🇿құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов команданың Таиландта өткен Азия чемпионатындағы өнеріне қатысты пікір білдірді. «Біз тек екі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз