Вторник, 8 июля, 2025
No menu items!

Тұрғын үйді жалға алу құны бір жылда бірден 18% — ға өсті

Басқа ақпараттар

Әлем елдері рейтингінде тұрғын үйді жалға алу құнының қымбаттығы бойынша Қазақстан 107 ел ішінде 82-ші орында. Жалдау құны — 303,85 долларды құрады. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Ең қымбат тұрғын үйлер — Гонконг, Сингапур және БАӘ-дегі үйлер; Ең арзаны — Непалда.

ТМД елдері арасында ҚР — ға қарағанда арзанырақ үй тек Әзірбайжанда. Онда тұрғын үйді 266,3 долларға жалға алуға болады.

Ресейде бір айға үй жалдау құны 412,51 долларды құрайды. Арменияда — 396,74  доллар, Украинада — 366,11 доллар. Өзбекстанда — 322,27 долларды құрады.  Беларусьте — 306,17 доллар.

2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бір жылда бірден 17,5% — ға, 1 шаршы метр үшін 1,9 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз