Воскресенье, 13 октября, 2024
No menu items!

Елімізде ауылдық округтерге берілетін салықтық түсім түрлері көбейеді

Басқа ақпараттар

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында берілген тапсырмаларға сәйкес елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Әзірге 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округтерге мүлік, жер және көлік салығы сияқты бірнеше салықтық түсімдер берілді. Ал жаңа жылдан бастап мұндай ауылдық округтердің дербес бюджеті қалыптасады. «Ол өз кезегінде ауылды көркейтуге оң ықпал етеді», – дейді мамандар.

Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Шанханай ауылдық округінде 4 мыңға тарта халық тұрады. Бұл өңір қазақтан шыққан белгілі зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың есімімен тығыз байланысты болғандықтан ауылға бұрыннан-ақ ерекше көңіл бөлініп келеді. Шоқан ескерткіші мен мұражайының алдынан жақында ардагерлер саябағы ашылды. Оны абаттандыруға жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы есепшотынан қаржы бөлінді. Қазір саябақтағы кесілген кәрі қара ағаштардың орнында жас жеміс ағаштары жайқалып тұр.

Қонысбек Толыбаев, Шанханай ауылдық округінің әкімі: -Өз бюджетімізді жартылай болса да алып, биылдан бастап жұмыс жасап жатырмыз. Негізі бұл бюджет ауылымызды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына, мәдениет үйіміздің жұмысын жақсарту, жолдарды, арық суларын жүргізуге жұмсалатын болып отыр. Мүлік, жер, автокөлік салығы сияқты салықтар өзімізге түсіп отыр. Бұл бізге үлкен көмек.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіле бастағалы бері ауыл абаттандырылып, жаңа саябақтармен қатар шағын футбол, волейбол ойнайтын алаңдар да ашылды. Ал 2018 жылы ауылдық округтерге берілетін салықтық түсім түрлері көбейеді.

Қонысбек Толыбаев, Шанханай ауылдық округінің әкімі: -Келешекте 4 емес, 6 салық берілейін деп отыр. Қаржы, бюджетіміз көбейсе, ауыл да көркейеді. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, ауылымыздың экономикасы жақсарады.

Ауыл ажарланып келеді. Бірақ алдағы уақытта атқарылар шаруа әлі де шаш етектен. Мәселен Шанханай ауылындағы мәдениет үйінің ішкі жөндеу жұмыстарына, дәрігерлік амбулатория мен 30 жылдан бері жөндеу көрмеген әкімдік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы қажет. Ауылды аймақ үшін қатты қалдықтар полигонын реттеу де күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. «Өзіміздің дербес бюджетіміз қалыптасса, қаржыны осындай мақсаттарға жұмсап, туған жерімізді көркейтуге атсалысамыз», – дейді ауыл азаматтары.

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

2024 жылғы 7-13 қазан күндері өтетін жарыстар аңдатпасы

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі ин ұсынды. 🔹 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты Астанада алғаш рет үстел теннисінен...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img