Головкиннің гонорары 12 миллион доллар, ал Муратаныкі 4 миллион доллар Болды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Бұл жекпе-жек Геннадийдің DAZN-мен келісімшарты бойынша алты кездесудің төртіншісі. 2019 жылы ол жалпы сомасы 100 миллионға келісімшартқа қол қойды (әр жекпе-жекке шамамен 15 миллион), бірақ 2021 жылы келісім қайта қаралып, төлем азайған (нақты сома белгісіз).
Головкин — Мурата жекпе-жегінің ұйымдастырушысы, промоутер Акихико Хонда билеттерден түскен ақша жағынан 1990 жылы Токиода өткен Майк Тайсон — Бастер Дуглас жекпе-жегінің рекордын жаңарттық деп мәлімдеді. Ол кезде 2 миллиард ақша жиналған (16 млн доллар).