Венгрияның университеттері қазақстандық студенттер үшін бәсекелесіп жатыр. Бұл туралы Венгрияның Қазақстандағы елшісі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесуінде айтты. Отто Иван Рона қазақстандық студенттер мен оқушылар тәртіптілігімен, ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеруімен және білімділігімен ерекшеленетінін атап өтті.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Венгрияның Адам ресурстары министрлігі арасында келісім бар. Осы құжат аясында Венгрия тарапы жыл сайын қазақстандықтарға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша 250 білім грантын бөледі.
«Венгр ЖОО-лары тіпті қазақстандық студенттер үшін күресіп жатыр. Мысалы, кеше ғана ауыл шаруашылығы ғылымдары университетінің ректорынан хат алдым. Ол өз университетінде оқитын студенттердің санын стипендия аясында 30 адамға дейін арттырғысы келеді.
Қазақстандық студенттер үшін осындай бәсекелестік университеттеріміздің арасында бар. Бұл қуантарлық жағдай, өйткені бұл профессорлық-оқытушылар құрамы мен ректорлардың студенттерге көңілдері толатынын көрсетеді. Әрине біз бұл бағдарламаны одан әрі дамытуға күш саламыз», — деп айтты Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Рона.
Дипломат ғылыми қауымдастықтың да серіктестікке қызығушылығы бар екенін айтты.
Өз кезегінде Асхат Аймағамбетов археология, тарих және ядролық физика салаларында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін атап өтті.