«Отбасы Банк» банк бөлімшесіне бармай депозит ашудың 4 тәсілін ұсынады.
1. Отбасы Банкінің мобильді қосымшасы арқылы депозитті Онлайн ашу📲
Депозит ашу үшін смартфон және жақсы интернет болуы жеткілікті.
Otbasy bank — мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store-дан жүктеп алыңыз да, арманыңызға қарай алғашқы қадамыңызды жасаңыз.
Жұмыс күндері сағат 9:00 – 21:00 аралығында.
2. HCSBK.KZ сайтының оң жағындағы видеокамераның суретіне басыңыз 💻
Үйден шықпай-ақ банк менеджерінен бейне қоңырау арқылы шот ашуға болады.
Жұмыс күндері сағат 9:00 – 20:00 аралығында.
3. Отбасы Банкінің кеңесшісі арқылы депозит ашу🤵 🤝
Ақша жинақтау сияқты жауапты істе қолдау мен жеке кеңес қажет ететіндер үшін — Отбасы банкінің кеңесшілері ең жақсы ұсыныс. Кеңесші Сізге ыңғайлы кез-келген жерде депозит ашып қана қоймай, ең тиімді бағдарламаны таңдап, алдын-ала төлемді есептеп, несиелік өтінімді қабылдай алады.🤝
Кеңесшілер тізімін www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімінен табуға болады.
Аптаның 7 күні бойы сағат 9:00 – 21:00 аралығында.
4. 💌 Қазпошта бөлімшелерінде
Егер сізге Қазпошта бөлімшелері ыңғайлы әрі жақын жерде орналасса — депозитті осындай жолмен де аша аласыз!
Жұмыс күндері сағат 9:00 – 18:00 аралығында.
Айта кетейікғ 1 маусымнан бастап Отбасы банк бөлімшелерінде депозит ашу операциялары жүргізілмейді.