Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өкілдерімен кездесті.
Кеңес құрамына жастардың жалынды өкілдері, жас кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының жетекшілері, жас ғалымдар, Президенттік кадрлық резервтің мүшелері және т.б. кірді.
«Бүгін олар инклюзивті білім беруден бастап постдокторантураға дейінгі түрлі мәселелерді көтерді. Сондай-ақ міндетті түрде қағазға түртіп алып, бірлесе жүзеге асыратын көптеген қызықты әрі маңызды ұсыныс айтылды.
Кездесуге қатысушыларға уақыт бөліп, өзекті сұрақтары мен идеяларын ортаға салғандары үшін алғыс айтамын.
Осындай форматтағы кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жалғастырамыз», дейді министр.