Қызылордада жас аспаздар сайысы өтті

Басқа ақпараттар

29 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Qosyl» жастар орталығы және «Қыз Жібек» мейрамханасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында жас аспаздар сайысы өтті.

Сайыс мақсаты жас таланттарды анықтап, олардың кәсіби ортасын қалыптастыру, сонымен қатар үздіктерін алдағы уақытта тұрақты жұмыстарға орналастыру.

Байқауға тіркелген 42 қатысушы үш кезең бойынша бақ сынады. Финалға үздік деген 14 қатысушы өтіп, аспаздық және кондитерлік бағыттар бойынша сайысқа түсті.

Аспаздық бағыт бойынша қатысушыларға 1 сағат ішінде үш тамақ және бір салат әзірлеу тапсырылды. Сайыста I орын Шамшат Ардақ, II орын Манасов Данияр және III орынды Султанбек Азамат иеленді. Жүлдегерлер арнайы диплом және демеуші қолдауымен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Кондитерлік бағытта қатысушыларға үш түрлі дәмді десерт дайындау тапсырылып, жеңімпаздар ерекше номинациялар бойынша марапатталды. «Үздік кондитер» — Шарипбай Жібек, «Ерекше дәм» — Жаксылыкова Надира, «Үздік безендіру» номинациясын Серік Аружан иеленді. Номинация иегерлері де демеуші қолдауымен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Барлық финалға өткен қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта қаламызда аспаздық өнерге қызығушылығы бар жастардың тобын, өзара кәсібі вайб (профессиональный вайб) құру жоспарлануда.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз