Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр банктер жылдық 4 пайызбен автонесие беруді қашан бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеше және бүгін банктер өздерінің корпоративтік процедураларын, директорлар кеңестерін жүзеге асырады. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен тиісті келісім-шарттар жасап, шарттық қатынастарға түскен. Олар өздерінің корпоративтік процедураларын орындап, уәде еткендей, дүйсенбіден бастап жылдық 4 пайызбен несие бере бастайды, дедң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Оның айтуынша, бұған дейін бұл бағдарламаны жүзеге асырған халыққа автокөлікті несиелендіру үшін екінші деңгейлі бес банк анықталған.