«Jas Otan» атауын ауыстыруға 200-ден аса ұсыныс түсті

977

«Нұр Отан» атауы «Аманат» боп ауысқалы бері, партияның жастар қанаты «Jas Otan» атауын да өзгерту туралы көптеген ұсыныстар келіп жатыр.

Бұл туралы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Есен Елеукеннің «Yesti Podcast» жобасында айтып берді.

«Біздің ұйым — еліміздегі ең ірі, 22 жылдық тарихы бар ұйым. Сондықтан оны басшылық тарапынан белден басып, атауын өзгерту дұрыс емес деп санаймын. Осы себепті жұртшылықпен, халықпен ақылдаса отырып, өз ұсыныстарын жасағанын қалаймыз. Бұл ойымыз көпшіліктің де көңілінен шығып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп жатыр. Қазірдің өзінде 240-тай нұсқа келді. Алға қарай ақылдасып отырып, бір тоқтамға келетін шығармыз» — деді Нұржан Жетпісбаев.