«Алып елдегі шағын ауыл» Қазақстанда: Шибадун ауылының тарихы әлемге таралды

2060

«Алып елдегі шағын ауыл» атты еңбектің қазақша нұсқасы

Қытайдың кедейліктен құтылу тарихында Хунань провинциясы, Сянси облысы Хуайюань ауданы  Шибадун ауылы символдық мәнге ие ауыл саналады. «Олардың алып адымы бір жолда мың жыл бойы жүретін жолды арқа тастады». Шибадун ауылындағы кедейлікті мақсатты түрде жоюдың құнды тәжірибесі кедейліктен құтылудың ұлы рухын түсіндірді. Әлемдік деңгейдегі мәселе саналатын кедейлікпен күресуге «Хунань тәжірибесін», «Қытай үлгісін» ұсынды.

Әлеуметтанулық зерттеу және көп деңгейлі, көп жақты зерттеу негізінде Шибадун ауылындағы кедейлікті мақсатты түрде жоюдың сәтті жолын егжей-тегжейлі баяндап беретін еңбек саналатын «Алып елдегі шағын ауыл» атты кітап Қазақстанда жарық көрді. Бұл – «Чжуннань ақпарат медия группасының» еншілес кәсіпорны саналатын Хунань халық баспасының кезекті басылымы саналады. Бұған дейін олардың кедейлікті мақсатты түрде жою тәжірибесін баяндайтын «Ауылдық ел» атты басылымы шетелдерде жарық көрген болатын.

«Алып елдегі шағын ауыл» практикалық мәні бар және кедейшілікті жою мен ауылды жандандыру арасындағы тиімді байланыстарды ашып көрсете алатын еңбек саналады. Еңбек алғаш рет 2021 жылы Хунань халық баспасынан жарық көрген болатын. Еңбектің авторы Хунань педагогикалық университеті «Қытайдағы ауылдық жерлерді дамыту» зерттеу институтының директоры, PhD жетекшісі Чэнь Вэньшэн қатарлылар. Еңбек авторлары Әлемдік көзқарас тұрғысын шығар түйін ете отырып, Қытай ғалымы Фэй Сяотун мырзаның «Қытайдағы шаруалар өмірі» атты зерттеу еңбегінің зерттеу және сипаттау әдісін анықтамалық шығарма ретінде пайдаланып, шағын ауылдың мәселесін үлкен тақырып ретінде зерттеп, Қытайдың кедейшіліктен құтылу тарихын егжей-тегжейлі баяндап береді. Бүкіл кітап бір ғасырда бүкіл әлемде орын алған ұлы өзгерістер жағдайында Хунань провинциясы Шибадун ауылында орын алған тарихи өзгерістерді жан-жақты баяндайды. Еңбек мемлекеттің макро перспективасы мен ауылдың микро перспективасын салыстыру, құжаттар мен нақты әлеуметтік жағдайды салыстыру, теориялық талдау мен сипаттауды үйлесімді түрде пайдаланып, Шибадун ауылын панорамалық және стереоскопиялық әдіспен сипаттайды. Аталған еңбек бұған дейін «Хунань провинциясы бойынша 2021 жылғы ең таңдаулы басылым» және 2022 жылғы бүкіл қытайлық «ауылдық кітап дүкені үздік басылымы» болып бағаланды.

Хунань халық баспасы жауапты тұлғаларының айтуынша, «Алып елдегі шағын ауыл» баспадан шыққан тұста Қытайдың кедейшілікті жоюдағы тәжірибесі мен жетістіктерін қазақ оқырмандарына жеткізу мақсатында оларға авторлық құқықты беріп, қазақша нұсқасын шығаруды жоспарлай бастаған. 2021 жылдың қараша айында Қазақстанның Қытайдағы елшілігі делегациясының Чжуннань ақпарат медия группасында сапарда болуы «Алып елдегі шағын ауылдың» шетелде жарық көруіне мүмкіндік берді.

Кітап мазмұнын шетел аудиториясына дәл әрі түсінікті етіп жеткізу үшін «Алып елдегі шағын ауылдың» қазақ тіліндегі нұсқасын қазақстдық филолог, аудармашы Минаш Шақанқызы аударды. «Алып елдегі шағын ауыл» атты бұл еңбектің қазақша басылымының жарық көруі шетел оқырмандарына Қытай схемасы мен Қытай үлгілерін шынайы және объективті түрде таныстырып, Қытай даналығын әлем елдерінің игілігіне жаратуға мүмкіндіктер береді және Хунань провинциясының күш-жігерін әлем елдеріне таныстыра алады.

Соңғы жылдары Чжуннан ақпарат медия группасы «Бір белдеу, бір жол» мемлекеттік бастамасына белсенді түрде ат салысып, авторлық құқық өнімдерін шетелге беру ауқымын кеңейту арқылы Қытай тарихын әлем елдеріне дәріптеп, Хунань мәдениетінің мол мұрасын таныстырып келеді. «13-бесжылдық жоспар» кезеңінде Чжуннань ақпарат медия группасы 1400-ден астам авторлық құқық өнімдерін шетелдіктерге беру және кооперациялық басылымдар шығару жобаларын атқарып, бүкіл Қытайдағы ең үздік медиялар қатарынан орын алды. Олар кітаптар, электронды кітаптар, аудио кітаптар, анимациялар және т.б. сияқты әртүрлі өнімдерді шығару арқылы әлемге бет бұрды. Дүние жүзіндегі 93 ел мен 40 түрлі тілде арнаулы тақырыптық еңбектер, білім беру мазмұнындағы еңбектер және әдеби, мәдени еңбектер қатарлы үш түрлі мазмұндағы басылымдарды тұрақты түрде шығарып келеді. Сонымен қатар, Чжуннань ақпарат медия группасы Қытайдың шетелдердің білім беру ісіне көмектесу мақсатындағы тұңғыш жобасын сәтті түрде аяқтады және «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің білім беру істеріне көмектесу моделін қалыптастырып, еш жерде кездеспейтін өзіндік ерекшелігі бар, тиянақты жаңа жолды ашты. Чжуннань ақпарат медия группасы  көп жыл бойы «Мемлекеттік мәдениет экспорты кәсіпорындарының үздігі» атағының иегері болып келеді. Олар «Қытай кітаптарын шетелдерге насихаттау жобасына» қосқан үлесі үшін, «Қытайдағы ең ықпалды авторлық құқық кәсіпорны» және «Қытай авторлық құқық істеріне қосқан ерекше еңбегі үшін» қатарлы сыйлықтарды жеңіп алды.

 

Дереккөз: Hunan Rednet New Media Group: Авторы, Цай Цзюан, Чжан Тянь, Ли Юйтин. Редакторы Сун Фан