6 шілде күні Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына арналған «Elorda kubogy — 2023» республикалық арнайы жобасы өтті. Жоба алғаш рет Астана күніне орай ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осы мерекеге орай өтетінін хабарлады. Қазақстан КВН Одағы ұйымдастыруымен және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелерінің басқармасының қолдауымен бұл жоба 14 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
«Астана» концерт залында мерекені тойлауға келген қала қонақтары мен тұрғындарымен лық толды. Шараға қазақстандық 12 танымал команда мен көршілес Қырғызстаннан да команда келіп қатысты.
Командалар:
- Созақбай. Алматы
- Медиум . Тараз
- Тұран. Астана
- Жуалы. Тараз
- Женский сборный. Павлодар
- Шатыр. Семей
- Шапалақ. Талдықорған
- Келечек. Қырғызстан
- Батыр Қала. Жаңаөзен
- Эверест. Алматы
- Ақпен Бірге. Астана.
- Қазалы. Қызылорда.
Қазылар алқасы құрамында алғаш рет Қазақстан Мәжілісі депутаты Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов болса, олардың қатарын Астана қаласы Мәслихатының Төрағасы — Ерлан Қаналимов толықтырды және елімізге танымал жұлдыздар тележурналист, блогер – Динара Сәтжан мен актер, 2011 жылғы Жайдарман чемпионы Ғалым Махамбетов тартысты бәсекеге төрелік етті.
Республикалық дәрежедегі ойын болғандықтан әдеттегідей Қазақстан КВН Одағының Президенті Есен Елеукен жүргізді.
Жайдарман креативті индустриясының командалары қағытпа қалжыңдары мен өткір әзілдерін саяси жаңалықтарға, қоғамдағы өзекті мәселелерге сүйене шығарған. Келген көрермендердің де, телекөрермендердің де көңілдерінен толық шықты. Бұған желідегі мыңдаған пікірлер мен жазбалар дәлел.
Қазылар алқасының шешімімен жобаның бас кубогін талдықорғандық «Шапалақ» команда еншіледі. Айта кетсек, команда мүшесі Орынбасар Серікбай жайдарманшылардың достығы мен бауырмалдылығының арқасында қатерлі ауруды жеңіп сахнаға қайта оралған алғашқы жобасы осы «Елорда кубогы – 2023». Жеңімпаздарға кубокпен бірге 2 000 000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Биыл сыйақы көлемі екі есе артты. Бұл қатысушылар үлкен мотивация болды деп ойлаймыз.
Күміс жүлде және 500 000 теңге сыйақыны тараздық «Медиум» иеленсе, Жоғары лиганың былтырғы финалистері астаналық «Ақпен бірге» қыздары ІІІ орын мен 300 000 теңгені қанағат тұтты.
Дәстүрге айналған жоба өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік мүмкіндігін қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тілінің негізінде қалыптасуына, балалар мен жасөпірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығының артуына, өзін өзі тану жұмыстарының ынталандырылуына айтарлықтай үлес қосып келеді.
Елорда кубогы 8 шілде күні «Astana TV» арнасы эфирінен көрсетілді. Екі күн ішінде барлық қазақстандықтарға таратылып, тағы бір рекорд орындалды. Жақында ғана миллион жазылушы жинап, алтын батырма алған «Jaidarman» ютуб-арнасынан ойынды кез-келген уақытта тамашалай аласыздар.