Понедельник, 7 июля, 2025
No menu items!

Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Басқа ақпараттар

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.

Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

«Елдеріміз арасындағы туристік ынтымақтастық халықаралық қатынастарды дамыту, мәдени және экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам деп есептеймін. Қазақстан аталған салада тәжірибе алмасуға және Франциямен бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті. Бұл туристік инфрақұрылымды, әсіресе тау және экологиялық туризмді кеңінен насихаттауға зор септігін тигізеді», — деді министр.

Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.

Соңғы жарияланымдар

«AQYL BATTLE CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ “КРЕАТИВТІ КОМАНДА” ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Aqyl Battle CUP» жобасы аясында жарияланған «Креативті команда» сайысы да өз мәресіне жетті. Бұл байқау «Aqyl Battle» мобильді қосымшасын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз