Четверг, 21 ноября, 2024
No menu items!

Ахмет Байтұрсынов

Басқа ақпараттар

Ахмет Байтұрсынов – қазақ ғалым-ағартушысы, жазушы, тіл маманы, түркітанушы, қоғамдық және саяси қайраткер, «Қазақ» газетінің негізін салушы, бірінші қазақ әліппесінің авторы.

Ахмет Байтұрсынов бір мәліметтер бойынша  — 1873 жылы 15 (28) қаңтарда, басқа мәліметтер бойынша – 1872 жылы 5-ші қыркүйекте Қостанай облысының қазіргі Жангелді ауданындағы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Жоңғарлармен соғысқан Аманжол батыр мен Үмбетей батыр – оның ата-бабалары. Байтұрсын — Ахметтің әкесінің аты. Ахмет 13 жасқа келгенде әкесі — ағалары Ақтас пен Сабалақпен бірге, уезд басшысын таяққа жығады. Сол үшін олар 15 жылға Сібірге жер аударылады.

А.Б. екі сыныптық Торғай орыс-қазақ училищесінде оқиды, сосын Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясына түседі.

Ұстаздық қызметін 1895 жылы бастады: алғашқы кезде Ақтөбе уезіндегі Батпақ болысында сабақ береді, кейін Қостанай уезіндегі Әуликөл ауылына көшіп келеді. Сосын Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып, Қарқаралыдағы орыс-қазақ училищесіне жетекшілік етеді.

Ахмет Байтұрсынов 1896 жылы Троицк қаласында — ислам дінін қабылдап, Бадрисафа Мұхамедсадыққызы деген жаңа ат алған орыс орманшысының қызы Александра Ивановаға үйленеді. Олардың үш баласы болды – Әумет, Қазихан, Шолпан.

1905 жылы Әлихан Бөкейханов пен Мыржақып Дулатовпен бірге патшаға арналған әйгілі «Қарқаралы ашық хатын» жазады. Хатқа 15 мыңға жуық адам қол қояды. Бұл іс-әрекеттің із-түссіз кетуі мүмкін емес еді. Ұзамай ашық хат жолдаушылар қуғынға ұшырайды. 1909 жылы Ахмет Байтұрсынов тұтқынға алынып, Семей түрмесіне қамалады. 1910 жылдың ақпан айына дейін ол сонда болады. Содан соң елге қайту құқынан айрылып, екі жыл Орынборға жер аударылады. Жазушы отбасымен бірге 1917 жылдың соңына дейін Орынборда тұрады.

Осы кезеңде ол өзінің барлық уақытын әдебиет пен ағартушылық қызметке арнап, Иван Крыловтың мысал өлеңдерін қазақ тіліне аударады. Ана тілін оқытатын алғашқы оқу құралын шығарады. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы – «Маса» — 1911 жылы жарық көрді.

1913 жылы Әлихан Бөкейханов пен Мыржақып Дулатовпен бірге Орынборда бірінші жалпыұлттық «Қазақ» газетін ашты. 1917 жылы «Алаш» партиясын құруға қатысып, «Алаш Орда» үкіметінің жетекшілігіне тағайындалды. Сол жылы жыл аяғында Торғай дуанынан Құрылтайға сайланды.

1919 жылы «қазақ халқына берген уәдесін орындай ма» деген үмітпен болуы мүмкін — Советтер жағына шықты. Сәл кейінірек коммунистер қатарына өтіп, Қырғыз өлкесін басқаратын комитеттің (Кирревком), Оқу-ағарту халық комиссариатының (Нарком), Қазақ Орталық атқару комитетінің (КазЦИК) мүшесі болды. Ресей мен Қазақстан мемлекеттерінің арасындағы шекараны анықтауға тікелей ат салысты.

1920 жылы Қазақстандағы Ленин саясатын қатал сынға алып, 1921 жылы советтік саясатқа қарсы әрекеті үшін партия қатарынын шығарылды.

Осы кезден бастап 1928 жылға дейін елдегі халық ағарту институттарында сабақ беріп, Алматыдағы Қазақ мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры болды. 1924 жылы қазақ әліпбиін қайта жасаушылардың бірі ретінде — одан қажетсіз 12 араб әріпін алып тастауды ұсынды.

1929 жылы 2-ші маусымда басқа алашордашылармен бірге «контрреволюциялық қызметпен айналысты» деген айыппен тұтқынға алынып, Бутырь түрмесіне қамалды. 1930 жылы 4 сәуірде ату жазасына кесілді. 1931 жылы ату жазасы он жыл түрмеге отырумен ауыстырылып, бір жарым жылдан кейін, 1932 жылы қараша айында үш жылға Архангельскіге жер аударылды.

1934 жылы Максим Горькийдің өтінішімен тұтқыннан босады. 1937 жылы 8 қазанда қайтадан ұсталып, 1938 жылы 8 желтоқсанда оққа ұшты.

Байтұрсыновтың әйелі Бадрисафа да жазаға тартылып, Свердлов облысына жер аударылды. Сол жерде ауыр дертке шалдығып, мүгедектерге арналған ауруханада көз жұмды.

Ахмет Байтұрсынов қызметі мен есімі 1988 жылы 4 қарашада ақталды. Оның артынша, 1989 жылы 5 қыркүйекте Бадрисафа Байтұрсынова да қайта ақталды.

Қазақстан қалаларындағы көшелерге жазушы аты берілген, Қостанай мемлекеттік университеті — қайраткердің атымен аталды. Алматыда Байтұрсыновтың мұражай-үйі ашылып, қасына ескерткіші қойылды. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсыновтың ескерткіші Қостанай мен Шымкент қаласында да бар.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img
Соңғы жарияланымдар

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы...
- Advertisement -spot_img

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз

- Advertisement -spot_img