Бюджет саясатының жаңа кезеңі: көшпелі отырыста өзекті мәселелер көтерілді

Басқа ақпараттар

Қызылорда қаласында Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов, сондай-ақ Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің жауапты өкілдері қатысты. Кездесу барысында жаңартылған заңнамалық нормаларға сәйкес бюджет үдерісін жүзеге асырудың тетіктері мен тәжірибелік аспектілері кеңінен талқыланды.

Қ

Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мен мақсатты игеру жөніндегі тапсырмаларын негізге ала отырып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, 2023-2025 жылдары әлеуметтік секторға бөлінген қаражатты қайта қарау нәтижесінде 100 миллиард теңгеге жуық қаржы үнемделген. Бұл үнем білім беру, спорт және әлеуметтік қорғау салаларындағы нақты талдаулар мен бақылау шараларының нәтижесінде мүмкін болды.

«Оның ішінде білім саласынан 58 млрд. 600 млн. теңге, «Арт спорт» бағдарламасынан 13 млрд. 100 млн. теңге, әлеуметтік қорғау саласынан 8 млрд. 200 млн. теңге үнемделіп, бюджет қазынасында қалды. Жаңадан жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға құжаттама әзірлеуге демеушілер есебінен 7 млрд. теңге бөлінді. Барлық 7 ауданда «Руханият орталықтарын» салып, бұған дейін әр жерде орналасқан мекемелерді бір орталыққа біріктірдік. Бұл ғимараттарды ұстап тұру шығындарын қысқартуға жол ашты. Мектептерге қосымша ғимараттар салу арқылы үш ауысымдық оқу мәселесін түбегейлі шешіп, жаңа мектеп салуға қажеттіліктің алдын алдық. Осылайша, бюджетке түсетін салмақ азайтылып, 13 млрд. 100 млн. теңге оңтайландырылды», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Отырыс барысында мамандар жаңа үшжылдық кезеңге арналған трансферттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіріп, өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін теңестіру және инфрақұрылымдық алшақтықты азайту мәселелерін көтерді.

Жиын соңында қатысушылар бюджет үдерісін іске асыру барысында туындайтын нақты проблемалар мен трансферттік механизмдердің тиімділігін талқылап, ұсыныстар мен пікірлер алмасты.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз