ІІМ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады

Басқа ақпараттар

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерпол арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қ.-ны ұстады, деп хабарлайды Jas.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған азамат әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ-де атап өткендей, шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды — іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе.

Соңғы жарияланымдар

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды

Осы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады6 деп хабарлайды...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз