Жақсы ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Jas.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Аудан прокуратурасымен Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдиниет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы «Аудандық мәдиниет Үйі» МККК-ның қызметінде тексеру жүргізіп, есепшінің кәсіпорыннан 58 млн теңгеден астам бюджеттік қаражатын жымқырғаны анықтады, оларды ол өзінің банктік шотына заңсыз аударған.
Нәтижесі бойынша аудан прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа жіберілген.
Сот үкімімен мәдениет үйінің есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған. ҚК-тің 74-бабына сәйкес, жазаны өтеу 5 жылға кейінге қалдырылды.
