Қажылыққа апарамын деп алдаған: елордада 7,4 млн теңге жымқырған алаяқ сотталды

Басқа ақпараттар

Елордада өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол жалған әуе билеттері мен қонақүй қызметтерін ұсынамын деп, 7,4 млн теңгеден астам қаражатты иемденген, деп хабарлайды Jas.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Алаяқтың әрекетінен еліміздің түрлі өңірінен 17 адам зардап шеккен. Олардың қатарында ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да болған.

Сот барысында айыпталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын толық мойындап, келтірілген шығынды өтегені белгілі болды. Сот шешімімен оған 3 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Прокуратура мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматтарды тек лицензияланған туристік компаниялардың қызметіне жүгінуге шақырады.

«Қажылық немесе умра сапарына байланысты қызметтерді рәсімдеу кезінде азаматтар міндетті түрде ресми тіркелген, лицензиясы бар туроператорларға ғана сенім артқаны жөн. Әлеуметтік желілер мен жеке байланыстар арқылы ұсынылатын күмәнді қызметтерге ақша аудару — алаяқтықтың кең тараған тәсілдерінің бірі. Мұндай жағдайлар азаматтардың қаржылай шығынға ұшырауына ғана емес, рухани маңызды сапарлардың да жүзеге аспай қалуына әкелуі мүмкін», — деп ескертті прокуратура.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз