Шымкентте қоғам белсендісі Руслан Жанпейісовке қатысты іс тоқтатылды

Басқа ақпараттар

Шымкент қаласының әкімшілік соты Руслан Жанпейісовке қатысты қозғалған істі тоқтатты, деп хабарлайды Jas.kz Отырарға сілтеме жасап.

Ол бұған дейін «полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, қоғамдық тәртіпті бұзу және құқық қорғау органдарына құрметсіздік таныту» айыптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қамауға алынған болатын.

Судья оның әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы жоқ деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ әкімшілік хаттаманы толтырған инспекторға қатысты жеке қаулы шығарылды.

Іс материалдарына сәйкес, Жанпейісовке қатысты 10 полиция қызметкері рапорт жазған. 22 сәуірге қараған түні ол Байдібек би даңғылында рейд жүргізіп жүрген Қызылорда облысының полиция қызметкерлеріне жақындап, олардың әрекетін видеоға түсіріп, өз пікірін білдірген.

Көп ұзамай ол жұмыс орнында ұсталған. Сонымен қатар, оның қамауға алынуына қатысты құжаттар тергеу изоляторына жеткізілгеннен кейін рәсімделгені анықталған.

Жанпейісов өз тарапынан ешқандай заң бұзбағанын айтып, керісінше, полиция қызметкерлері оның құқықтарын шектеді деп мәлімдеді.

Соңғы жарияланымдар

Шекарада ұсталды: мыңға жуық малды шетелге шығармақ болғандар әшкереленді

Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз