Алматыда жеке сот орындаушысы бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды

Басқа ақпараттар

Алматыда жеке сот орындаушысы (ЖСО) қызметтік өкілеттігін пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Jas.kz Kris.p.media телеграм каналына сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылы алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізулер бойынша қызметі үшін заңсыз түрде бюджеттен 4,2 млн теңге алған.

Заң бойынша бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық төленбеуі тиіс. Алайда сотталған тұлға Әділет департаментіне 47 іс бойынша 76 рет қайталанған есеп жолдаған.

Сот үкімімен ол 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз