Алматы облысында картон зауытында өрт шықты

Басқа ақпараттар

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылы аумағында орналасқан картон зауытының қойма ангарында өрт болды, деп хабарлайды Jas.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ангар аумағында ашық жану байқалған. Өрттің тез таралуына байланысты тілсіз жау өршіп кеткен.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, әкімшілік өкілдерінің айтуынша, ангар ішінде адамдар болмаған.

Өртті сөндіру барысында суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылып, бірнеше су оқпаны қолданылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз