
Қазақстан мектептерінде оқу жылы ресми түрде аяқталатын күні Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан жастары – 2026» зерттеуінің 14—18 жастар арасындағы зерттеу деректерін жариялады. Аға буын орнын цифрлық ортаға ең тез бейімделетін, құндылықтары басқаша және ел болашағына әлдеқайда оптимистік қарайтын жаңа буын басып келетінін нәтижелер көрсетіп отыр.
Жастардың 39,3%-ы мектепте жасанды интеллектіні (ЖИ) оқуды «өте маңызды» деп санайды, 30,5%-ы оқу барысында ЖИ-құралдарын қолданып жүр, ал 71,6%-ы елдегі ахуал жақсаратынына сенеді. Бұл басқа кез келген жас тобынан жоғары көрсеткіш.
Шынайы цифрлық буын
14—18 жастағы жасөспірімдер – қазақстандық жастардың ішінде цифрлық ортаға жоғары деңгейде бейімделген топ әрі жасанды интеллектке деген қызығушылықтан көш басында тұрған буын.
39,3% мектепте ЖИ технологияларын оқуды «өте маңызды» деп санайды.
Салыстыру үшін: 29—34 жас тобында бұл көрсеткіш 25,8% ғана. 30,5% оқу мен жұмыста ЖИ-құралдарын белсенді пайдаланса, үлкен жас тобында ол небәрі 14,0% құрайды.
30,9% жасанды интеллектінің болашақта білім сапасына қосатын үлесін жоғары бағаласа, 23,9% ЖИ сыни ойлаудың дамуына елеулі ықпал ететінін мойындайды. Тағы 30,5%жасөспірім ЖИ жасап шығарған контентті тани білу дағдысын маңызды санайды – бұл басқа жас топтарының барлығынан жоғары.
Зерттеу деректері 14-18 жастағы буын цифрлық құралдарды оқу үдерісіне өзгелерден тезірек енгізіп, жасанды интеллектіні болашақ кәсіби ортаның табиғи бөлшегі ретінде қабылдайтынын көрсетеді.
Жаңа үрдіс: digital, креатив, өзін-өзі танy
Жалпы қазақстандық жастар арасында ең өзекті үрдіс ретінде қаржылық тәуелсіздік (53,1%), салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану (30,9%), қашықтан жұмыс (23,9%), цифрландыру (23,0%) және ментальды денсаулыққа қамқорлық (15,2%) аталды.
Жасөспірімдер мұнда да ерекшеленеді. 25,5% басты үрдіс ретінде цифрландыруды атаған. Ол жасы сәл үлкен топтарының басым көпшілігінен жоғары. 16,9%шығармашылық пен креативті индустриялардың дамуын маңызды деп санайды (салыстырма: басқалар арасында бұл көрсеткіш 10,1—13,1%). Ал дін туралы тек 14,3% айтады. Бұл 29—34 жас тобындағы 19,4%-дан төмен. Жасөспірім когорта дамуға, цифрлық ортаға, өзін-өзі тануға және өзін-өзі іске асырудың жаңа формаларына көбірек бейім.
Оптимист жастар
Зерттеудің басты әлеуметтік сигналы – оптимизм. Қазақстанның даму перспективасына дәл осы жасөспірімдер сенімді қарайды: 71,6% 14—18 жастағы жас ел жағдайының жақсаратынына сенеді. Бұл көрсеткіш 19—23 жастағылар арасында 65,2%-ды, 24—28 жастағылар арасында 63,2%-ды, ал 29—34 жастағылар арасында 59,8%-ды құрайды. Жасы ұлғайған сайын оптимистік бағалардың үлесі бірте-бірте төмендеп, ал ұстамды әрі пессимистік пікірлердің үлесі арта түскен.
«14—18 жастағы жасөспірімдердің 71,6%-ы елдегі ахуал жақсаратынына сенеді. Бұл аңғал сенім емес, қайта әлеуметтік ресурс. Бүгінде мемлекет пен қоғамның басты міндеті – осы буынды назардан тыс қалдырмауы тиіс. Оған сапалы білім, цифрлық қабілет және өзін-өзі іске асырудың нақты мүмкіндіктерін беруі керек»,— деп атап өтеді Гүлісхан Нахбаева.
Бұл білім беру мен жастар саясаты үшін нені білдіреді
«Жастар» ҒЗО сарапшыларының пайымдауынша, алынған деректер мектеп білім беруіне жаңа сұраныс қалыптастырып отыр: цифрлық қабілет, сыни ойлауды, креативті дағдыларды және өзін-өзі танытудың заманауи формаларын мектеп кезеңінен бастап дамыту қажет. 14—18 жастағы буын қазақстандық жастардың технологиялық жағынан ең сезімтал әрі әлеуметтік тұрғыдан икемді топтарының біріне айналуда. Бұл білім беру жүйесі үшін де, мемлекеттік жастар саясаты үшін де бағытты өзгертеді.
