Алматы облысында дәрігерлер босану кезінде әйелдің жатырындағы алты ісікті алып тастады

Басқа ақпараттар

Алматы облысында дәрігерлер 35 жастағы әйелді босандырып, бір мезетте жатырындағы алты ісікті алып тастады, деп хабарлайды Jas.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Науқасқа жүктіліктің ерте кезеңінде жатырдың көптік миомасы диагнозы қойылған. Дәрігерлердің тұрақты бақылауының арқасында әйел жүктілікті 37 аптаға дейін аман-есен көтеріп шыққан. Жүктілік мерзімі толық жеткен соң мамандар жоспарлы кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдайды.

Операция барысында алдымен дені сау сәби дүниеге келіп, кейін дәрігерлер жатырдағы миома түйіндерін алып тастауға кіріскен. Нәтижесінде көлемі 4-тен 10 сантиметрге дейін жететін алты ісік алынып, әйелдің жатырын сақтап қалған.

Соңғы жарияланымдар

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарды көтерді

«Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады»: экс-сенатор оқулықтардағы олқылықтарға назар аударды Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз