Алматыдағы тұрғын үй кешенінде әйел жедел жәрдем келгенше аулада босануға мәжбүр болған

Басқа ақпараттар

Kris_p_Almata Instagram парақшасының мәліметінше, Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағынауданында орналасқан «Ұлытау» тұрғын үй кешенінің тұрғындары редакцияға шағыммен жүгінген, деп хабарлайды Jas.kz.

Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үй кешенінің ауласында әйел жедел жәрдем келгенге дейін босануға мәжбүр болған. Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, жедел жәрдем көлігі ауланың автокөліктерге толып кетуінен шақырту орнына дер кезінде жете алмаған.

Тұрғындар бұл мәселенің жүйелі сипатқа ие екенін айтады. Олардың сөзінше, құрылыс салушы компания тұрғын үй кешенін жеткілікті автотұрақпен қамтамасыз етпеген. Соған қарамастан құрылыс жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соның салдарынан аулалар көлікке лық толып, жедел жәрдем мен өзге де арнайы қызметтердің емін-еркін жүруіне кедергі келтіруде.

«Пәтерімізді ипотекаға сатып алдық. Бірақ күн сайын автотұрақ тапшылығын сезінеміз. Осындай жағдай қайғылы оқиғаға ұласпай тұрғанда қала әкімдігі мен жауапты органдар назар аударса екен», – дейді тұрғындар.

Олар бұл мәселе жария болғаннан кейін жергілікті билік пен тиісті қызметтер автотұрақ мәселесін шешіп, төтенше жағдай қызметтерінің кедергісіз қатынауын қамтамасыз етеді деп үміттенеді.

Соңғы жарияланымдар

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты комитетінің шешімімен базалық мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендетіліп, 16,75% деңгейінде белгіленді. Бұл туралы Ұлттық...

Өзге жазбаларды оқи отырыңыз